Поэзия күні қорытындыланды

45 жылдық тарихы бар кеншілер қаласы ақындардың жырларына арқау болды.

Бұл күні орталық кітапханада «Кенді өлке – Сәтбаев», ақындар аллеясында «Шабытымның себепшісі – Сәтбаев» поэзия кештері, балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Сәтбаев қаласының тарихи беттерінен» жыр байқауы, «Шындық» қоғамдық бірлестігінде «Сандуғаш сайраған сәнді өлкем» атты тақырыптарында шығармашылық жастармен кездесу өтті. Ал, кешкісін орталық алаңдағы жазғы эстрадада осы поэзия күнінің қорытындысы шығарылып, жүзден жүйрік дегендер сый-сияпатқа ие болды.

Марапаттау салтанатын орталық кітапхананың әдіскері Шолпан Сабырова ашып, поэзия күнінің жоғары деңгейде өткенін айта келіп, белсенділік танытқан бір топ жастар мен жыр байқауларының жеңімпаздарына Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар тапсырды.

Бұдан соң қаламыздағы аймақтық ұлттық өнер орталығы жанындағы жас ақындар үйірмесінің жетекшісі Ардақ Тойлыбаева сөз алып, жас буынды қала күнімен құттықтап, үздіктерді марапаттады. Марапаттау рәсімін ақын Мұса Тілеуов пен «Шындық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ақын Абдолла Дастан жасады.

Марапаттау салтанаты Таңат Көршіхан мен Әбдіқалық Нұрдәулеттің тамаша әндерімен түйінделді.

Аманкелді Ақшал.
Суреттерді түсірген автор.

Комментарии закрыты.