Айт намазы оқылды

Айттың алғашқы күні Балмағамбет Балқыбайұлы атындағы мешітте Құрбан айт намазы оқылды. Ораза өткен соң жетпіс күннен кейін келетін Құрбан айт намазына қаланың кәрі-жасы келіп, Аллаға мадақ, Пайғамбарға салауат айтты. Жиналғандарға мешіттің бас имамы Б.Абдрахманов насихат айтып,  Құрбан айт жайында мағлұмат берді.

Айт намазына Сәтбаев қаласының әкімі Бауыржан Шыңғысов, қалалық мәсл ихаттың хатшысы С.Имамбай, мемлекеттік мекемелердің басшылары келіп қатысты. Бауыржан Қабденұлы ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен тұспа-тұс келген  мұсылмандардың ұлық мерекесі – Құрбан айт мерекесіне деген құттықтауын жеткізді. Қала тұ рғыны Тағанбаев Балтай қажының батасынан кейін айт намазы оқылды.

Айт намазынан соң қала басшысы Б.Шыңғысов Алла ризашылығы үшін құрбандық шалды.

Б.ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.