Кемшіліктер жойылса жұмыс жақсармақ

Қараша айының бірінші күні Сәтбаев қалалық сотының ғимаратында «Әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша хаттама рәсімдеудің сапасы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Аталмыш шараға Сәтбаев қалалық сотының төрағасы Р.Мұқатаев, судьялар А.Абдыкамалов, Қ.Шайкамалов, қалалық прокуратураның және қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Бұл жиынды өткізудің басты себебі – әкімшілік құқық бұзушылық істердің хаттамаларының органдармен дұрыс толтырылмауына байланысты көптеген істердің кейін қайтарылатындығы. Биылғы жылы қалалық сотқа 15 әкімшілік іс қайта қарауға түскен. Оның 11 ішкі істер бөліміне берілген.

Қалалық соттың төрағасы Р.М ұқатаев кіріспе сөзімен жиынды ашқан соң, судьялар А.Абдыкамалов пен Қ.Шайкамалов өткен кезеңдегі әкімшілік істер бойынша және олардың хаттамаларының сапасы жөнінде бірқатар статистикалық деректерді келтірді. Сонымен қатар, олар уәкілетті органдардың өкілдеріне әкімшілік құқықбұзушылық туралы істердің хаттамаларын рәсімдеген уақытта «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі» талаптары жөнінде зердеге жетерлік мәліметтер мен әдістемелік көмек берді. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің хаттамаларын рәсімдеу барысында органдар тарапынан жіберілетін көптеген қателіктерге кеңінен тоқталды. Оның ішінде жол полициясының өкілдері толтыратын хаттамалардағы кеткен өрескел қателіктер, соның ішінде құжаттарда құқық бұзушының жеке деректері, туған жылы, кінә түрі, қателік деңгейі және т.б. жиі көрсетілмейтіндігін айтты. Дөңгелек үстелде кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын- сауық мекемел ерiнде жүруі және оларға ішімдік заттар сату жөніндегі мәселелер де көтерілді.

Соттың судьялары отырысқа қатысушылардың бірқатар сұрақтарына жауап беріп, әкімшілік құқықбұзушылық істер бойынша бүгінгі таңдағы өзекті деген мәселелерді жанжақты талқылады.

Жиын соңында Р.Мұқатаев ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін құжаттар толтыруға жауапты қарауға, әкімшілік құқықбұ зушылық бойынша істерді рәсімдеуде көбірек көңіл бөлуге шақырды.

– Бү гін біраз сұ рақтың жауабы табылды. Жалпы биыл біздің көрсеткішіміз жоғары. Былтырғы жылы 2 әкімшілік іс бұзылған болатын, ал биыл ондай жағдайлар болған жоқ. Бұл – біздің барлығымыздың ортақ жұмысымыздың жемісі. Бүгінгі айтылған кемшіліктердің барлығын жойсаңыздар, жұмысымыз бұдан да жоғары дәрежеде болады. Дөңгелек үстелдің мақсаты да осы – кемшіліктерімізді ортаға салып, соның шешу жолдарын бірлесіп табу, – деп қорытты жиынды Руслан Мұқатаев.

Марал ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.