Сәтбаевтықтар топ жарды

Тараз қаласында қазан айының тоғызы мен он бесі аралығында киокушинкай кан каратэден өткен балалар мен жасөспірімдер, кіші жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында сәтбаевтықтар топ жарды.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен үш жүзден аса спортшы қатысқан додалы жиында Сәтбаев қаласындағы мамандандырылған олимпиадалық резевтегі балалар мен жасөспірімдер мектебінің спортшылары жүлделі орындарға ие болды. Б.Зікірия, А.Нұртазин, А.Ахмет, С.Тоймағанбет жеңіс туын желбіретті. Зікірия Бауыржан Спорт шебері атағына ие болып, ел абыройын асқақтата түсті. Бапкер Қуатбек Тоқтыбаевтың қоластында шыңдалған спорт­шылардың алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көріне берері анық.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.