Қолдау – инвесторлар мен кәсіпкерлерге

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Қарағанды облысы бойынша инвесторлардың құқығын қорғауға бағытталған «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобасы іске асырылуда.

Аталмыш жоба инвесторларды және барлық бизнес қауымдастықты әкімшілік қысымнан және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісінен қорғауға бағытталған.

Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа жоба. Жүзеге асырылуының бастапқы кезеңдерінен бастап мемлекеттік институттармен әрекеттесуде қиындыққа тап болған әрбір инвестор мен кәсіпкерге қолдау көрсетіледі. Билік институттарымен ашық және қарқынды байланысты қамтамасыз ете отыра, заңсыз әрекеттерді болдырмау жобаның басты мақсаты болып табылады. Жоба аясында бизнес-қауымдастық пен инвесторлар қызметіне заңсыз араласудың алдын алу бағытында барлық қажетті жағдай жасалатын болады. Ал, инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін жалғыз талап – адал және ашық бизнес жүргізу.

Комментарии закрыты.