Заңнамалар жетілдірілуде

Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов Алматыда өткен заң форумы барысында мәлімдеді.

«Атамекеннің» негізгі міндеттерінің бірі Қазақстанда кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық жағдай жасау болып табылады. Ол үшін белсенді жұмыс жүргізілуде және бірқатар бастамалар ұсынылды.
ҰКП қала құрылысы кодексі жобасын әзірлеудің орындылығын анықтауға бағытталған, оның ішінде, халықаралық тәжірибені зерделеумен қатар сәулет, қала құрылысы және құрылысты дамыту саласында зерттеулер жүргізуде.
«Атамекеннің» тағы бір бастамасы ЖШС кірісін жылдық қорытынды бойынша ғана емес, сонымен қатар тоқсандық, жартыжылдыққа бөлу мәселесі. Спикер атап өткендей, заңды тұлғалардың таза табысын бөлу мәселесінде Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесімен ұқсас көрші елдердің тәжірибесі мұқият зерделенді. Р.Жүрсінов 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартына және «Қазақстан Республикасындағы Кедендік реттеу туралы» ҚР Кодексіне түсініктеме берді.
– ҚР Кедендік кодексіне «Атамекен» тарапынан 500-ден астам түзету енгізілді. Ірі бизнес субъектілері үшін жаңа Кедендік заңнамада мынадай жетістіктер бар. Кеден органына құжаттардың негізінде толтырылған кедендік декларацияны аталмыш құжаттарды көрсетпей-ақ ұсыну, жер қойнауын пайдаланушылар үшін шартты шығару мерзімі қысқартылды және жаңа Кодекс күшіне енгеннен кейін 2010 жылға дейін әкелінген жер қойнауын пайдаланушылардың барлық тауары бақылаудан алынды. Сондай- ақ, инвестициялық келісім-шарттар аясында тауарларды беруге дейін (кедендік декларациялауға дейін) шығару мүмкіндігі қарастырылған.
«Атамекен» құрылған сәттен бастап нормативті-құқықтық актілер жобасына 23 833-ден астам сараптамалық қорытынды берілген. ҰКП қызмет атқарған бес жыл ішінде жобаларды зерттеуге көшті. Осының арқасында бизнестің ескерілген ұсыныстарының пайызы айтарлықтай өскен. Р.Жүрсіновтың айтуынша, ҰКП жыл сайын заңнамалық шараларды әзірлеу арқылы кәсіпкерлік ортаны түбегейлі жақсарту бойынша кеңауқымды жұмыстар жүргізуде. Осы жылдар ішінде «Атамекен» 800-ден астам рұқсат түрін қысқартуға қол жеткізді. Осы бағыттағы жұмыс қорытындысы бойынша бизнестің жылдық қаржылық шығыны 4 млрд.теңгеге дейін төмендеді. Сонымен қатар, ҰКП ҚР ҰЭМ бірлесіп бизнесті қайта реттеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп, профилактикалық бақылау енгізілді, тексерулер мерзімі 15 күнге дейін, жоспардан тыс тексеру мерзімі 10 күнге дейін қысқартылды. Және кәсіпкерлік субъектілерді тексеру барысында қойылатын талаптардың 58% қысқартылды.

Комментарии закрыты.