Жылу маусымына сақадай сай

Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС кеніштерінде 9 айда жоспарланған 29 778 мың тоннаның орнына 32 556 мың тонна көмір өндірілді. Осы орайда компания бүгінге дейін 32 869 мың тонна көмір жөнелтті. Бұл жоспарланған көлемнің 110 пайызын құрайды.
«Самұрық-Энерго» электр энергетикасы холдингі мамандарының сөзінше, тиелген көмірдің 80 пайызға жуығы электр энергиясы мен жылу өндіру үшін республиканың энергия өндіретін кәсіпорындарына жіберілген. Бұдан тыс, «Богатырь Көмір» ЖШС қатты отынды коммуналдық-тұрмыстық мұқтажды өтеу үшін де жөнелтеді. Бұл жерде сөз ауылдық елді мекендердегі ұсақ қазандықтар туралы болып отыр. Бұл ретте коммуналдық-тұрмыстық көмірді (КТК) тиеп-жөнелтудің 1 000 000 тонна жоспары ағымдағы жылғы 25 қыркүйекте орындалып қойды. Осы уақытқа қарай жеткізу көлемі 1 037 мың тоннаны құрады. Бүгінгі күні көмір өндіруші компания 2018-2019 жылдарға жылу маусымына дайындық аясында тапсырыс берушілердің барлық сұранысын орындады.

Комментарии закрыты.