Мерейтойымен құттықтады

Жезқазған қалалық сотында «Тәуелсіздіктің 20 жылы – сот жүйесінің жетістіктері» атты тақырыпта ұйымдастырылған дөңгелек үстелге Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Б.Аханов, қала прокуроры Ғ.Айрамбаев, Жезқазған Университетінің ректоры Ә.Тәкішев, қалалық «Диалог» әйелдер бастамаларын қолдау орталығы» ҚБ төрайымы Н.Дисекенова, қалалық «Томирис» жасөспірімдер мен жеткіншектерді және әйелдердің бастамаларын қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің бухгалтері С.Михалько, «Қазақстандағы отбасылық дәрігерлер ассоциациясы» Жезқазған филиалы қоғамдық бірлестігінің бас бухгалтері И.Шепилова және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жезқазған қалалық сотының төрағасы Б.Қ.Сыздықовтың аталған тақырыптағы ақпараты тыңдалған соң, сот жұмысына байланысты әлеуметтік сауалнама жүргізу туралы Меморандумды бекіту жөнінде дөңгелек үстелге қатысушылар өзара ашық пікір алмасты.

Жезқазған қалалық сотының төрағасы Б.Қ.Сыздықов және Үкіметтік емес ұйым «Қазақстандағы отбасылық дәрігерлер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі Жезқазған филиалының төрайымы А.Қ.Макенбаева, Үкіметтік емес ұйым «Диалог» әйелдер бастамаларын қолдау орталығы ҚБ төрайымы Н.И.Дисекенова, Үкіметтік емес ұйым «Томирис» жасөспірімдер мен жеткіншіктерді және әйелдердің бастамаларын қолдау орталығы ҚБ – төрайымы В.Н.Предеина алдағы қызметтестікке қатысты өздерінің ниеттерін айқындап, меморандумға қол қойды.

Дөңгелек үстел барысында сот төрағасы Б.Сыздықов халықпен арадағы алтын көпірге айналған журналистер қауымына деген ризашылығын білдіре келе, өңірімізге танымал журналист, ақын, «Шындық» ҚБ төрағасы Абдолла Дастановты 50 жас мерейтойымен құттықтап, Алғыс хаты мен сыйлығын тапсырды.

М.СМАҒҰЛ.

Комментарии закрыты.