Жаңа отбасы құрылды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік ұрпағы – туған елге!» жастар жобасы аясында «Бақытты жанұя – мемлекет тірегі» атты акция жалғасуда.

Өткен жұмада Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында заңды түрде некелерін қиған Рүстем Каликов пен Ақсәуле Бейсенбекованы бұл қуаныштарымен «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Н.Наурызбаев құттықтап, жас жұбайларға салтанатты түрде лента тағып, «Нұр Отан» ХДП атынан сертификат табыстады. Жас жұбайларды салтанатқа қатысқан туыс-туғандары мен достары да құттықтап, жақсы тілектерін білдірді.

Марал ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.