Халықтың ұлы перзенті

№3 жалпы білім беретін мектепте 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай әртүрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, оқушыларға Елбасының өмірбаяны, еңбек жолдары туралы мағлұматтар берілді.

Кітапханашы Г.Байгенжина «Халықтың ұлы перзенті» тақырыбында кітап көрмесін жасап, оқушыларды көрмедегі Елбасы туралы әдебиеттермен, Тәуелсіздік тарихын насихаттайтын кітаптармен таныстырды.

Жас мамандар А.Бейсова, Б.Әлімхан 5-сынып оқушыларымен «Еңсесі биік өркенді ел!» тақырыбында мерекелік кеш өткізді. Әрбір өткізілген іс-шараның мақсаты оқушыларды Отанын, халқын сүюге, патриоттық сезімге тәрбиелеу болды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.