«Өссе тілім, мен де бірге өсемін…»

Үштілділікті насихаттау барысында №5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасында бүлдіршіндердің әртістік қабілетін, диалог арқылы қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын дамытуға жағдай жасау мақсатында «Өссе тілім, мен де бірге өсемін…» тақырыбында ересек топтар арасында сайыс өтті.

Іс-шараға қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Мадинат Игенберлина, білім бөлімі басшысының орынбасары Нағима Сатимбекова, білім бөлімінің әдіскері Гүлсім Есмурзаева, мәдени-сауық орталығының оқыту-әдістемелік кабинетінің әдіскері Арайлым Ықыласова және мектепке дейінгі мекемелердің тіл мамандары қатысты.

Сайыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші «Танысу» бөлімінде бүлдіршіндер өз топтарын таныстырса, «Ертегіні сахналау» атты екінші бөлімде топ тәрбиешілерінің, тіл мамандарының, музыка жетекшілерінің, хореограф маманның қатысуымен сахналанған қойылымдар көрсетілді. Үш тілде «А» тобы «Саңырауқұлақ саясында», «Б» тобы «Жеті лақ және қасқыр», «В» тобы «Муха-цокотуха» ертегілерін сахналады.

Топ жетекшілері мен бүлдіршіндердің үш тілде сөйлегендері көрермен көңілінен шықты. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өткендіктен, «Менің Қазақстаным» композициясымен аяқталды.

Мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімі.

Комментарии закрыты.