Бірінші орын Алмазда!

Біздің қаламыздың мерейін үстем еткен өнерпаздарымыз да, спортшыларымыз да күн санап көбейіп келеді. Бұған дейін де талай ұрыста жеңіске жетіп жүрген Алмаз Тілеубергенов қарашаның 14-21 аралығында Қарағанды қаласында өткен бокстан ересектер арасындағы чемпионатта 56 келі салмақ дәрежесінде I орынды иеленіп, Қарағанды облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының грамотасымен марапатталды. Осы турнир өткен спорт кешенінің ашылу салтанатына Президентіміз Н.Ә.Назарбаев қатысып, доданы тамашалап тұрыпты.

Жалпы қараша айы Алмаз үшін табысты болды. Ақтөбе облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы өткізген бокстан халықаралық жарыста II орынды жеңіп алды. Х алықарал ық дәрежедегі спорт шебері Бауыржан Ақшол ақовты еске алуға арналған бұл XIII турнирде Алмаз астаналық, түркмендік боксерлерді жеңіп, жартылай финалда Ирактың спо ртшысын ұтып кетті. Ал, финалдық ойында астаналықтан жеңіліп қалып II-ші орынға шықты. Халықаралық турнирде мұндай дәрежеге жету, әрине, мақтаныш! Алмаздың бүгінгі жетістіктерінде оның тұңғыш баптаушысы сәтбаевтық Жандос Тулебаевтың көп еңбегі бар екені сөзсіз.

Алмаз туралы қысқаша айта кетсек – №16 мектептен 9 сыныпты, Астанадан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спорт мектебін бітірді. Көкшетаудағы «Көкше» Академиясының туризм және спорт факультетінің I курс студенті. Қазір Қарағандыдағы Нүркен Әбдіров атындағы спорт кешенінде жаттықтырушысы Ғалым Кенжебаевтың қоластында дайындықта жүр.

Бұл – Алмаздың Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына қосқан көп үлестерінің бірі деп білеміз.

Майра СМАҒҰЛҚЫЗЫ.

Комментарии закрыты.