Үгіт-насихат үздіктері анықталды

Өткен аптада ҚР Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай мектеп оқушылары арасында Сәтбаев қалалық білім бөлімі полиция бөлімімен бірлесіп, үздік үгіт-насихат топтарын анықтау мақсатында «Мен патриотпын» байқауын өткізді. Шара №16 мектепте ұйымдастырылды.

Байқауға қаламыздың барлық мектептерінің оқушыларынан құралған топтар қатысты. Шараны өткізудегі мақсат – жасөспірімдердің бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру, құқықтық білімдерін дамыту. Байқау шартына бойынша, қатысушы топтар 5 минут ішінде тақырыптың толықтай ашылуы мен сахналық образын сай етіп дайындауы тиіс болды.

Үгіт-насихат топтары өз қойылымдарында ел тәуелсіздігі мен осы уақыт аралығын қамтитын көріністерді қойды. Мектеп оқушылары өз сөздерінде егемен еліміздің күні бүгінге дейін жеткен жетістіктерін жіпке тізіп, жалынды, рухты өлеңдермен жігерленді. Бірі жалынды жырларымен көрермендердің назарын аударса, бірі сан алуан көркемдік құралдармен тақырыптың толыққанды ашылуына мән берді.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде №19 мектебінің үгіт-насихат тобына бұйырды. 1-орыннан №16 мектебінің жігерлі оқушылары төбе көрсетсе, 2-орынды №25 мектеп пен №27 мектептің жалынды жастары бөлісті. 3-орынға бірден С.Сейфуллин атындағы гимназия, Абай атындағы №4 мектеп-лицейі, №1 мектеп-гимназиясы және №15 мектебінің командалары лайық деп танылды. Жеңімпаздарға мақтау қағазы мен құнды сыйлықтар берілді.

Нұрлат ҚОНЫСБАЙ.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.