Зиян әдеттердің залалы сөз болды

Қаламыздың балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Есірткі, арақ, шарап, темекі» ол саған не үшін керек?» тақырыбында жасөспірімдердің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

1 желтоқсан – бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орайластырылған шара оқушыларды ғасыр дерті темекі, есірткі, арақ, ЖИТС-тен сақтандыру, олардың денсаулыққа зияндылығын түсіндіру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға насихаттау мақсатын түйді.
Дөңгелек үстелге қатысу­шылар есірткі заттарының адамның физио­логиялық-психологиялық даму­ына тигізер зияны мен наша­қорлыққа әуестеніп, іші­м­­дікке салынудың соңы құқықбұзушылыққа, түрлі қылмыстық әрекеттер жасауға әкеп соғатынын еске алды.
Адамның өмірін құрдымға жіберетін нашақорлықтың алдын алу мақсатында жасөспірімдер арасында профилактикалық іс-шараларды жиірек өткізудің маңызын күн тәртібінен түсірмеу қажет­тігін жасөспірімдер алға тартты. Шараның өту барысында №1 мектеп-гимназияның 9 сынып оқушылары аталған зиян әдеттердің залалы жөнінде өздерінің ойларын ортаға салып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, іс-шараға белсене қатысты.

Шара соңында қатысушылар аталған тақырыпқа орай ұйымдастырылған «Әлемге төнген қауіп» атты кітап көрмесіне қойылған тақырыптық құжаттамалар, буклеттер және мерзімді басылымдармен танысты.
Нұрлат АМАНБАЙҰЛЫ.

Сурет
Олжас Батырбековтікі.

Комментарии закрыты.