Жартылай финалға өтті

Ұлы мерекеміз – Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында біздің қаланың жастары өнерлерін республикалық деңгейде өтіп жатқан байқауларда көрсетіп, жүлдемен оралуда. «Қазақстан -1» ұлттық телеарнасының ұйымдастыруымен өтіп келе жатқан республикалық «Айгөлек» балалар шығармашылығы байқауының іріктеу турына жуырда біздің қаладан С.Сейфуллин атындағы гимназияның 5 сынып оқушысы Жансая Керменбаева қатысып, жартылай финалға жолдама алды.

Балғын қыздың өнерін ұштап, осы байқауға жетелеген жерлесіміз, сазгер Дәулет Омашов болса, демеушілік көрсеткендер – оқушылар сарайы, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, сондай-ақ, қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі.

Бұл байқауға талай таланттарды тәрбиелеген І санатты ұстаз, Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы Айгүл Күлшекенова Жансаяның стилисі ретінде шашбауын көтеріп қайтты.

Ж.Керменбаева байқауда қазақ халқының дүлділі, сал-серісі Ақансерінің «Сырымбет» және жергілікті сазгер Жақсыкелді Сейіловтің «Ұлытау» әндерін орындап, жарқырай көрінді.

Мерейлі жылда қаланың мерейін үстем етіп қайтқан Жансая болар байқауда да жұлдызы жанып, қаланың намысын қорғап келеді деп сенеміз.

Б.ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.