Таланттар топ жарды

Сәтбаев қаласының мәдени-сауық орталығы жанындағы «Сазды әуен» шығармашылық бірлестігінің өнерпаздары жуырда Алматы қаласында өткен Халықаралық «Жырлайды жүрек» байқауына қатысып, қаламыздың абыройын асқақтатып қайтты.

Ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне жазылған әндерді шырқап, жырларын жатқа оқыған таланттар топ жарды. Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің оқушылары Дәулет Дүкенбай «Вокал» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алса, Нұрдәулет Әбдіқалық бірінші орынды еншіледі. С.Сейфуллин атындағы гимназияның оқушысы Ерасыл Мұқанов та бірінші орынға лайық деп табылды. Ал, осы жас жұлдыздардың өнердегі бағын ашқан бірлестік жетекшісі Эльмара Жұбаниязоваға Алғыс хат табыс етілді.

М.АЛПЫСБАЙ.

Комментарии закрыты.