Тәуелсіздік – аңсар жырым

Қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 20 жұлдызды күн аясында №3 орта мектепте бастауыш сыныптар арасында қалалық мәнерлеп оқу сайысы өтті.  Аты айтып тұрғандай, оқушылар ел Тәуелсіздігін жырға қосты.

Бұл сайысқа қаланың 13 мектебінен 26 бүлдіршін қатысып, қазақтың белгілі ақындарының, сондай-ақ жергілікті ақындардың өлеңдерін оқыды.

Сайыстың қорытындысы бойынша ІІ І орынды Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның оқушысы Ерасыл Нұрғали, №10 мектептің оқушысы Мәдихан Найманбаев, №5 орта мектептің оқушысы Ақбота Орынбай, №3 орта мектептің оқушысы Медеу Халдаров өзара бөлісті. Ал, ІІ орынды №7 орта мектептің оқушысы Ақниет Әлімхан, №1 мектеп-гимназияның оқушысы Өтеш Берікжан, №4 Абай атындағы мектеп-лицейдің оқушысы Дастан Шыңғыс алды. №15 орта мектептің оқушысы Нұрзат Шахманова сайыстың жеңімпазы атанды.

Белсене қатысып, өз өнерлерін көрсеткен №27 орта мектептің оқушысы Ақмарал Ибрагим, №19 орта мектептің оқушысы Ақтолқын Абдухамитова, №15 орта мектептің оқушысы Айым Ажмағанбетова мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы дипломымен марапатталды.

Өз еліне деген үлкен махаббаттарын кішкентай жүректері арқылы жеткізу мақсатында өткен сайыс бүгінгі бүлдіршіндердің ертеңгі күні ұлтжанды азамат болып қалыптасуына бірден-бір себеп болады деп ойлаймыз.

Б.ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.