Бас жүлдеге ие болды

Сәтбаев қаласы Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен қала мектептерінің 2 сыныптар арасында өткен «100 кітап ертегісі» байқауында мектебіміздің 2 сынып оқушылары «Шалқан» ертегісін 3 тілде көрсетіп, бас жүлдеге ие болды.

Атап айтқанда, 2 «А» сынып оқушылары Р.Жақсылық, Н.Абдулла, К.Жумыгалиев, Е.Нұрланқызы, Д.Шағдат, 2 «Б» сынып оқушылары А.Бейсен, Ж.Әлмен, А.Өмірбек, 2 «В» сынып оқушылары Н.Атабаева, К.Бейсембаева, А.Сапар, 2 «Г» сынып оқушылары А.Нұрғабыл, А.Махабатқызы өз кейіпкерлерін үш тілде сөйлетіп, білім деңгейлерін көрсетті.

Оқушыларды театр өнеріне жоғары деңгейде дайындағандары үшін сынып мұғалімдері Г.Қасымоваға, Б.Досановаға, А.Алькеноваға және осы жолдардың авторына мектеп әкімшілігі атынан алғыс айтылды.

Тұрдыгүл ПРІМОВА.
№ 4 Абай атындағы мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі.

Комментарии закрыты.