Үш те күшпен келеді

Жезқазған кентіндегі №2 мектептің 9 сынып оқушысы Ерғазы Аслан бокстан әр түрлі турнирлерге қатысып, жеңістерге жетіп жүрген жас спортшыларымыздың бірі.

Қараша айының 28-мен желтоқсанның 2-сі аралығында Петропавл қаласында Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Камиль Сафиннің жүлдесіне арналған турнир өтті. Аслан бұл додаға өзінің бапкері Жұмабек Сұлтанмен барып, 70 кг салмақ дәрежесінде бағын сынап, олжалы оралды. Солтүстік Қазақстан облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық бокс және кикбоксинг федерациясының IIIдәрежелі дипломымен марапатталған боксшымыз, алдымен өзі жаттығатын Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әкімшілігіне алғысын айтады.

Үштің өзінің күшпен келетінін білсек, Асланға «келешекте одан да жоғарғы табыстарға жете бер» деп тілейік.

М.СМАҒҰЛ.

Комментарии закрыты.