Мерейлі мерекедегі қамқорлық

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлаған күні қала әкімінің орынбасарлары Қайрат Шайжанов, Александр Ким, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Талиға Қапарова, орынбасары Бауыржан Әпеков әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы, жалғызбасты отбастарында болып, мерекемен құттықтап қайтты.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебінде тұрған 100 отбасына бұл күні азықтүлік қалталары таратылды.

Әкім орынбасарларының құттықтауы мен қошеметіне ие болғандардың қатарында Ольга Жаңбырбаева, Маржанкүл Бұхарова, Айжан Тәжібаева, Андрей Әбдіназаров, Гүлзада Тапакова және еңбек ардагері Моряк Жаманов болды.

– Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қамқорлығының арқасында еліміздің торқалы тойында

бізді ұмытпай, келіп мерекемен құттықтап жатқан қала басшысының орынбасарларына алғысымыз шексіз. Қала әкімі Бауыржан Шыңғысовқа, қызметкерлеріне еңбекте табыс тілейміз.

Еліміз гүлденіп, дами берсін, – дейді қошеметке ие болған азаматтар.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.