Мұз айдынындағы шоу-бағдарлама

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейлі мерекесі біздің қаламызда өзіндік ерекшеліктерімен атап өтілді. Қазақстанның қарышты дамуына өз үлестерін қосып келе жатқан кеншілер қаласының тұрғындары желтоқсанның 16 күні Спорттық сауықтыру кешенінің мұз айдынында жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған «Отаным – жүрегім, Тәуелсіздік – тірегім» атты шоу-бағдарламаны тамашалады.

Ел тарихынан сыр шерткен қойылымнан кейін айдынға мәнерлеп сырғанаушылар мен хоккейшілер шығып, композициялық қойылымдарын көпшіліктің назарына ұсынды. Театрландырылған көріністе Тәуелсіздіктің ақ таңымен өмірге іңгәлап келген сәбиге Тәуелсіз елімізді көркейтер азамат бол деп бата берілді.

Айдынның қақ төрінен орын алған үлкен экраннан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөздері көрсетіліп, мерекенің маңызын аша түсті.

Бейбітшілік пен бірліктің символы ретінде танылған, ару Астананың қақ ортасында бой көтерген Бәйтеректің кішігірім нұсқасы мұз айдыМерекелік іс-шараны Сәтбаев, Жезқазған қалаларының әкімдері Б.Шыңғысов пен Б.Әбдіғалиұлы, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огай, қалалық мәслихаттың хатшысы С.Имамбай және қала жұртшылығы тамашалады.

Дүбірлі тойға арналған шоу-бағдарламада Жезқазған қаласындағы С.Қожамқұлов атындағы театрдың әртістері қазақ елінің қалыптасу жылдарын бейнелеген көріністер қойды. Абылай хан, Бұхар жырау, Бөгенбай сынды батырлардың бейнесін шебер сомдаған әртістердің шеберлігіне жиналған көпшіліктің ықыласы ерекше болды.

Бағдарлама барысында Қазақстанның, «Қазақмыс» корпорациясының, Сәтбаев қаласының 20 жыл ішінде жеткен жетістіктері экран арқылы көрсетілді. Барабаншылардың дабылынан кейін, басты құндылығымыз – Көк байрағымызды еліміздің өскелең патриоттары алып шықты.

Мемлекеттік Әнұран орындалды. Жүз отыздан аса ұлт пен ұлыстың ортақ шаңырағына айналған Қазақстанда тұратын халықтар да ұлы мерекеде алаңға шығып, қуаныштарын жеткізіп жатты.

Шоу-бағдарлама хореографиялық қойылыммен аяқталды. Тәуелсіздіктің торқалы тойымен кеншілер қауымын құттықтауға арнайы келген Қазақстан эстрада жұлдыздары Мәдина Сәдуақасова, жұлдызды жұп Жанболат пен Жазира, «Мотороллер» рок тобы әннен шашу шашып, жиналғандарды бір желпіндіріп тастады.

«Отаным – жүрегім, Тәуелсіздік – тірегім» шоу-бағдарламасы отшашумен аяқталды.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.