Бесжылдықтағы басым бағыт – ұлт денсаулығы

Өткен сенбі күні №4 Абай атындағы мектеплицейде «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық сайлауалды штабы алдағы бес жылға арналған ұлт денсаулығын нығайту жолындағы жұмыстарын насихаттау мақсатында «Нұр Отан» – саламатты Қазақстан үшін» атты акциясын өткізді.

Акцияға қалалық мәслихат депутат тығына үміткерлер, партияның, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері қатысты.

«Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық сайлауалды штабтың төрағасы Г.Есмұрзаева, қалалық мәслихат депутат тығына үміткер С.Имамбай, Қазақстан Республикасы дзюдо бойынша спорт шебері К.Қашқынова сөз алып, Елбасы төрағалық ететін партияның игі істерін айта келе, алдағы саяси науқанда партия атынан түсетін депутаттарға дауыс беруге шақырды.

Бұл акция аясында №2 ОДА дәрігерлері келушілерге медициналық бақылау жасап, олардың салмағын, бойын өлшеп, кеңестер берді.

Алдағы бесжылдықта партия халықтың әлеуметтік жағдайына, әсіресе, денсаулық сақтау саласына аса мән беріп отыр. Сондықтан да 2012 жылдың 15 қаңтарында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында белсенділік танытайық.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.