Науқан қарқын алды

Қазақстандықтарды 2012 жылдың 15 қаңтарында тағы да бір саяси науқан – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттарын сайлау күтіп тұр.

Өткен сәрсенбі күні «Нұр Отан» ХДП сайлауалды штабының ұйымдастыруымен партияның сенімді мүшелері №1 қалалық емханада партия атынан облыстық мәслихатқа түсетін депутаттарды таныстырып, «Нұр Отан» ХДП-ның құрылған жылдан бергі уақыттағы халықтың мұң-мұқтажын шешудегі маңыздылығын сөз етті.

Үгіт-насихат жиынын партияның сенімді өкілі, Оқушылар сарайының басшысы Г.Сансызбаева ашып, жүргізіп отырды. №4 ОДАның бас дәрігері Қ.Табанова, №1 мектеп-гимназияның тарих пәнінің мұғалімі З.Әбдікәрім партияның ұстанған саясатының арқасында білім беру, денсаулық сақтау салаларында қол жеткізілген табыстарға тоқтала отырып, емхана ұжымын алдағы науқанда қолдау көрсетуге шақырды.

Өз кезегінде емхана ұжымы да еліміздің көшбасшы партиясына қолдау көрсетіп, дауыс беретіндіктерін айтты.

Бағдат ҚАЗКЕНОВ.

Комментарии закрыты.