Штаб жұмысы жалғасуда

Жексенбі күні «Нұр Отан» ХалықтықДемократиялық партиясының жылжымалы үгіт-насихат бекеттері халықтың көп жиналған жерлерінде өз жұмыстарын жүргізді. «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Н.Наурызбаев бастаған бір топ партия мүшелері қаламыздың барлық көшелерімен жүріп өтті.

Жылжымалы бекетті ұйымдастырудағы мақсат – адамдармен тікелей қарым-қатынасқа шығып, оларды партияның бағдарламасы мен негізгі бағыттарымен таныстыру.

Нұротандықтардың жүру маршруты Наурыз, Ерден көшелерінен басталып, Сәтбаев, Тәуелсіздік даңғылы, Ұлытау, Абай т.б. көшелерде жалғасын тапты. Әрбір тоқтаған бекетте белсенді жастар қала тұрғындарына алда келе жатқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы жайында мәліметтер беріп, «Нұр Отан» ХДП-ның сайлауалды тұғырнамасы, саяси ұйымның мақсаты мен міндеттерін баяндап, естелікке күнтізбелер таратты. Сонымен бірге, дүкендер мен сұлулық салондарының, әр түрлі сауда орталықтарының көрнекті жерлеріне үгіт-насихат парақшалары мен плакаттар ілді.

Жоспар бойынша бұл жұмыс әрбір демалыс күндерінде жүргізілетін болады.

Марал ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.