Алғыс айтамыз!

Қарағанды облысынан әскер қатарына шақырылған сарбаз Нұрасыл Бақытжанұлы Бексейтов Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Объектілерді қорғау қызметінің Астана қаласында орналасқан «Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімінде жауынгерлік міндетін өтеп жатыр.

«Айбын» Президенттік полкі» 0112 әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Президентінің және бірінші тұлғаларының қауіпсіздігін, маңызды мемлекеттік нысандардың күзетін жүзеге асыратын алдыңғы қатарлы әскери құрылым болып табылады. Мерзімді жауынгерлік қызметті бұл құрылымның қатарында атқару – сарбаздар үшін үлкен абырой, асқан жауапкершілік. Біздің жеке құрам қатарына еліміздің түкпір-түкпірінен, әр облыстардан денсаулық жағдайы, мінез-құлқы, жеке қасиеттері тұрғысынан үздік деп танылған жастар таңдалып алынады. Жауынгер Нұрасыл Бақытжанұлының осы қатардан табылғаны – оның туған өлкесінде: отбасында және мектебінде, оқу орны мен еңбек ұжымында алған білімі мен тәрбиесінің жемісі деп білеміз. Кезекті шақырылым кезінде үздік жастардың біздің құрылым қатарына таңдалып алынуы – Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің тиянақты жұмысының нәтижесі екенін де айта кету керек.
Нұрасыл Бақытжанұлы – 1999 жылы 30 желтоқсанда Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласында дүниеге келген. Сәтбаев қаласындағы №3 жалпы орта мектебінің түлегі. 2018 жылы Жезқазған индустриалды-гуманитарлық колледжін бітіргеннен кейін әскер қатарына шақырылған.
Ол әскери қызметінің бірінші күндерінен бастап, жауынгерлік өмірдің қыр-сырын үйренуге зор ынтамен кірісті. Отанға деген жоғары патриоттық сезімімен қарулас достарына үлгі-өнеге бола білді. Өзіне жүктелген міндеттерді атқару кезінде ол белсенді, жауапты азамат ретінде танылды. Сөзі мен ісі жарасқан, еңбекқорлығымен қатар қарапайым мінезді. Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дай­ын­дық сабақтарында командирлерінен үйренген білімдерін қызмет барысында дұрыс қолдана біледі. Жауынгерлік дайындық нормативтерін әрдайым ең үздік бағаларға орындайды. Өзіне сеніп тапсырылған қарудың құрылымын, тактикалық-техникалық сипаттамасын, қызмет көрсету тәртібін жетік меңгергендіктен ат­ыс даярлығында үздік нәтижелер көрсетіп жүр. Жауынгерлік кезекшілікте әрдайым қырағылық танытып, әскери міндеттерін жауапкершілікпен ат­қарғаны үшін бірнеше рет марапатталған.

Әскери бөлімнің баспасөз орталығы.

Комментарии закрыты.