Отбасылық сайыс өтті

Салауатты өмір салтын насихаттау, отбасы мен балабақша ынтымақтастығын нығайту мақсатында Сәтбаев қаласының №33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасында «Толағай – 2019» спорттық-отбасылық сайыс өтті. Сайысқа Мәлік, Жаңбыршы, Айтқожаев, Коняхметова, Самылов, Черкашиндер отбасылық топтары қатысты.

Сайыс барысында отбасылар сергіту жаттығуларын жасап, қазақтың ұлттық буын биі «Қара жорғаны» билеп, көптеген кедергілерден өтіп, өздерінің спортқа, жеңіске деген құлшынысының арқасында жоғары ұпай көрсеткіштеріне қол жеткізді. Сайыс өте тартысты өтті. Қай отбасы болмасын өздерінің алғырлығымен, жылдамдығымен, асқан белсенділіктерімен ерекшеленді.

Сайыс қорытындысы бойынша әр отбасы жеңімпаз болуға лайықты деп шешіліп, «Ең ынтымақты отбасы», «Ең шапшаң отбасы», «Ең белсенді отбасы», «Тапқыр отбасы», «Көңілді отбасы», «Ең епті отбасы» деген номинациялар бойынша мақтау қағаздарымен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

Сайысты тамашалауға келген ата-аналар балабақша ұжымына осындай ұлағаты мен тәрбиесі мол іс-шара өткізгеніне алғыстарын білдірді.

Мерей АСАНОВ,
№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасының
ата-анасы.

Комментарии закрыты.