«ӘЛІППЕмен» қоштасу

Жуырда Абай атындағы №4 мектеп-лицейде ендi ғана мектеп табалдырығын аттап, бiлiм әлемiне бет алған бастауыш сынып оқушыларының алғашқы мерекесi – Әлiппемен қоштасу кешi өттi. «Әлiппе – ғылым анасы» атты тақырыпта өткен салтанатты кешке ұстаздар, оқушылар мен олардың ата-аналары қатысты.

Бірінші «Б» сынып жетекшiсi Л.Каукербекованың ұйымдастыруымен өткен ертеңгiлiкте оқушылар барлық ғылымның атасы – «Әлiппеге» деген алғыссезiмдерiн бiлдiрiп, өлең-жырларына арқау еттi.

Ертеңгіліктің мақсаты – оқушылардың Әліппеден алған білімдерін ортаға салу, білімнің адам өміріндегі маңызын ұғындыра отырып, ұжымдық жұмыс нәтижесіне жетуге дағдыландыру. Балалардың ұл ттық салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа деген сезімдерін арттыру және туған жерді, Отанды сүюге, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Мерекелік іс-шара барысында 1 «Б» сыныбындағы 26 оқушы бiлiм жолын бастаған 3-4 айдың iшiнде өздерiнiң еркiн оқып, жаза бiлетiндiктерiн ата-аналарының алдында мақтанышпен көрсетіп, Әліппеден үйренген өлеңдерін айтып, өнерлерін ортаға салды.

Ертеңгiлiк соңында бастауыш сынып жетекшісі Ләззат Каукербекова балаларға тiлегiн айтып, алдағы оқу жылдарына табыс тiледі.

Марал ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.