Ардақты аналар, аяулы арулар!

Шуақты көктеммен бірге келген, мерейлі мереке – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

8 Наурыз – барлық қиындықты жеңе білген сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы аналарға тағзым күні.

Қазіргі қоғамда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, мемлекеттің саяси мәселелеріне белсене араласатын парасат иесі. Сұлулық пен даналықты бойына дарытқан әйелдер қауымының қоғамдағы орны ерекше. Олар денсаулық, қаржы, мәдениет, экономика секілді түрлі салада табысты қызмет ете жүріп, сол тамаша талпынысымен қаламыздың өркендеуіне сүбелі үлес қосуда. Кәсіпкерлік пен қайырымдылық көкжиегінде де іздері бар.
Сіздер қоғамдық өмірдің қозғаушы күші ғана емес, ұрпақ өрісін кеңейтіп, ел еңсесін биіктеткен жігерлі жансыздар. Сондықтан, елімізде қыз-келіншектердің әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейінің артуына айрықша маңыз берілген.

Қымбатты қыз-келіншектер!

Ақыл мен парасат, махаббат пен шапағат, төзім мен сезім тұнған жүректеріңіз күллі әлемнің тамырына нәр бергендей. Ана қуанышы – әр шаңырақтың, Отанның мерейі. Сондықтан қуанышты күндеріңіз көп болсын! Көктеммен келетін мерекелік көңіл-күй қуат көзіне айналып, еңбектеріңіз жана берсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, толағай табыс тілейміз!

А.Ыдырысов, Сәтбаев қаласының әкімі.
Т.Хмилярчук, қалалық мәслихат хатшысы.

Комментарии закрыты.