БАСПАСӨЗ – РЕЛИЗІ: Терроризмге қарсы оқу — жаттығулар

Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында терроризмге қарсы оқу — жаттығулар өткізілуде.

Оқу жаттығулардың мақсаты адамдар көп жиналатын жерлерде террорлық сипаттағы қауіп төнген жағдайда өзара іс — қимыл жасау дағдыларын пысықтау болып табылады.

Оқу-жаттығуларды өткізу кезінде шектеу шаралары қарастырылатынын хабарлаймыз. Қаладағы көлік құралдарының қозғалысын шектеу арқылы көшелерді ішінара жабу болуы мүмкін.

Қала тұрғындарын өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, оқу-жаттығу кезінде сабырлық сақтауды сұраймыз.

Комментарии закрыты.