Кезекті кездесу

Желтоқсан айының 29 күні С.Сейфуллин атындағы гимназияда «Нұр Отан» ХДП-ның қалалық сайлауалды штабының ұйымдастыруымен Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар қаламыздың коммуналдық кәсіпорындар ұжымдарымен кездесті.

Жиынды «Нұр Отан» ХДП Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Дәрібаев ашып, жүргізіп отырды. Сонымен қатар, оған Қарағанды облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ж.Бөрібаевтың сенімді өкілі М.Айтпаев және қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Т.Тажбенов, С.Орал, Ж.Күнеділов, А.Төлендина, В.Юстус, Т.Хмилярчук қатысты.

Кездесуде қатысушылар «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы сайлауалды тұғырнамасын және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласындағы түйткіл мәселелерді талқылап, пікір алмасты.

Шығып сөйлеген Т.Тажбенов Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметттік-экономикалық дамытудың 2012-2017 жылдарға арналған Кешенді бағдарламаға» тоқталып, болашақта атқарылуы тиіс бірқатар жұмыстар жөнінде айтты. Өз сөз кезегінде депутаттыққа үміткерлер Ж.Күнеділов пен С.Орал сайлаушыларға «Нұр Отан» ХДП-ның басымдылықтары, сайлауалды бағдарламасының негізгі ұстанымдары, саяси ұйымның жетістіктері мен мақсаттары жайында айтты.

Жиналғандардың алдында сөз алған Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, электр желілері кәсіпорны өндірістік бөлімінің басшысы Ж.Мұңсызбаев «Нұр Отан» партиясының сенімге лайықты екені жөнінде жылы лебізін ортаға салды.

Марал ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.