Уақытында анықталса , ем де жемісті

Туберкулез – өте қауіпті де қатерлі дерт. Бұл дертке шалдыққан адамдар тиісті емді уақытында арнайы денсаулық мекемесінде алмаса аяғы қайғылы жағдайға әкеледі.

Әрине, туберкулез науқасы ұзақ емделуді қажет етеді. Сондықтан, туберкулез ауруы анықталған адамдарға шыдамдылық керек. Ең аз дегенде жаңа басталып келе жатқан туберкулез 6 ай емделуді қажет етеді. Туберкулезді асқындырып алмай емін уақытында бастау үшін әрбір адам жылына бір рет флюорографиялық тексерістен өтіп тұрғаны абзал. Туберкулез бар екендігі анықталған жағдайда дәрігер кеңесін тыңдап, емді уақытында бастаған жөн. Кейбір адамдар «тұқымымда болмаса маған туберкулез қайдан келеді ?», не болмаса, еш жерім ауырмайды деген сияқты теріс ұғымдарға бой алдырады.Бұл қате. Туберкулез тұқым қуаламайды, адамнан адамға түшкіргенде, жөтелгенде, науқас адамның ыдысын пайдаланғанда, не болмаса науқас адамдармен бір үйде тұрып жатқанда жұғады.

Тубекулездің белгілері білінбей тұрғанда, рентген арқылы анықталған туберкулезді жаңа басталған түрі дейміз, сондықтан, осы анықталған уақыттан бастап жөтелу, жүдеу, терлеу сияқты белгілерін күтпей емді бастау керек.Сонда ешқандай қауіп, қасірет әкелмейді. Жылына бір рет флюорографиялық тексерістен өтуден қашпаңыздар, ол сіздердің денсаулықтарыңыз үшін жасалып жатқан игі шара.

А.Сугурова,
бөлімшелік дәрігер-фтизиатр

Комментарии закрыты.