Бас жүлде – бізде

Үстіміздегі жылдың 29 мен 30 наурыз күндері Қарағанды қаласында оқушыларға IT технологияларды меңгертуге мүмкіндік беретін «RoboLand – 2019» фестивалі өтті. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен бұл байқауда Қазақстан, Ресей, Өзбекстан және Италиядан келген 300-ден астам команда бақ сынасты…

Бесінші рет өткізіліп отырған робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың RoboLand халықаралық фестивалі екі күнге жалғасты. Осы байрақты бәсекеде біздің Сәтбаев қаласынан 3 команда қатысып, қала намысын қорғады. Нәтижесінде №19 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары Жұлдыз Базылова мен Нұрзада Аманкелді ГРАН ПРИ иегері атанды.

Халықаралық фестивальде кеншілер қаласының атын дүйім елге танытқан, жоғары дәрежеге көтерген оқушыларымызды қала әкімі Асқар Ыдырысов қала жұртшылығы атынан құттықтап, алғыс білдірді. «Бұдан әрі де асатын асу, бағындырар белестерің көп болсын!», деді өз кезегінде Асқар Абылайұлы.

Аманкелді АҚШАЛ.

Комментарии закрыты.