Астананы аралады

Тәуелсіздік жылдарында танымастай өзгерген бұрынғы Ақмоланың ел Астанасына айналған жаңа келбеті кімді де болса қызықтырады, тамсандырады. Әр қазақстандық Арқаның төсінде бой көтерген еліміздің Елордасын бір рет те болса көруге ынтазар. Соның ішінде, Қазақстанның болашағы – өскелең ұрпақ өкілдерінің де бірден-бір арманы – әлемнің ең әсем қалалары санатына енген Астананы тамашалау. Өйткені, онда баратын да, көретін де жерлер, қазіргі заманға сай бой көтерген қызықты да, думанға толы нысандар жеткілікті.

Қысқы каникул күндері 98 сәтбаевтық оқуш ылардың осындай армандары жүзеге асты. Қаңтардың 4-і мен 6-і күндері олар Жезқазған вокзалынан Астанаға аттанды. Мұндай мәртебеге қала мектептерінің оқу озаттары, әртүрлі деңгейдегі олимпиада, байқауларда білім, өнер, спорт салаларында қаламыздың мерейін асырып жүрген белсенді жастар болды. Бұл сапар қала әкімдігінің бастамасымен «Қазақмыс» корпорациясының демеушілігі арқасында жүзеге асты. Аталмыш ко мпания балалардың жолақысын, тамағын, жатар орнын өз есебінен қамтамасыз етті.

Оқушыларды шығарып сал у рәсімінде балалардың ата-анал ары атынан Райхан Әмірханова, Бақыт Мұсабаев, №4-мектеп-лицей оқушылары Айзада Аяшева, Арайлым Бекжан қал а басшыл ығына, «Қазақмыс» корпорациясына осы игілікті істері үшін алғыстарын білдірді. Астанаға сәтбаевтық оқушыларды бастап бара жатқан оқу бөлімінің қызметкері Ақнұр Танабаева осы сапардың жас жеткіншектер үшін есте қаларлықтай әсер қалдыратынына сенімін білдірді. Астанаға аттанған топ қатарында мектеп мұғалімдері, медбибі, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полиция қызметкері мен «СТА» телеарнасының журналисі мен операторы болды. Сәтбаевтық оқушыларды шығарып салуға келген қала әкімі Бауыржан Шыңғысов, әкімнің орынбасары Марал Мәдиева, білім бөлімінің басшысы Шынар Жанасылова бастаған мектеп директорлары балаларға сәт сапар тіледі.

Астанадағы сәтбаевтықтардың сапарында «Саят» туристік агенттігі қызмет көрсетті. Үш кү нде балалар Елбасының мұражайында, «Бәйтерек» кешенінде, Бейбітшілік және келісім сарайында, «Думан» кешенінде, Елорданың басқа да жаңа нысандарында болып, 8 қаңтарда үлкен әсермен қаламызға аман-есен оралды.

Мәди ӘЛЖАППАРОВ.

Комментарии закрыты.