Жолдағы қауіпсіздік назарда

Жолдағы қауіпсіздік өзекті мәселеге айналуда. Жол-көлік оқиғасынан болатын материалдық және адам шығынының өсуін азайту, мемлекеттік құрылымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында Сәтбаев қаласының Полиция бөлімі «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.

Полиция қызметінің бас­шы құрамы қатарынан қызметкерлер тобы мен қалалық қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелері қатысқан шарада ҚР құқықтық-нормативтік актілері кеңінен түсіндіріліп, азаматтардың өтініш-тілектері тыңдалды.

– Жол қауіпсіздігін сақтап, көлік астына адамдардың кенеттен түсіп кетпеуінің алдын алып, азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, осы тұрғыда түйінді мәселелердің шешімін тауып, халықпен байланысты нығайта түспекпіз. Жолда жүру ережесін қандай дәрежеде сақтау керектігін түсіндіре келе, жол полициясы қызметкерлерінің жұмысы қаншалықты қана­ғаттанарлық, олар­дың тарапына айтылатын сын-ескертпе бар ма? Осы мәселелер де анықталмақ, – деген Полиция бөлімі басшысының қызмет жөніндегі орынбасары, полиция мойоры Ж.Жүнісов жемқорлықты бол­дырмауда берері мол акция қатысушыларының мұңмұқтажы мен пікірі сараланатындығын жетікізді. Жол құрылысы, авто­трассаның жазғы маусымға дайындығы туралы да жан-жақты айтылып, жолдардың қауіпті тұстары туралы ескерту жасалды.

Қоғам мен билік ара­сындағы байланыс алаңын нығайтып, тұрғындардың же­ке түсінігі мен жауапкершілігі назарға алынған шара жұрт алдында полицияның имиджін қалыптастырып, сенімін арттыра түскендей болды. Айтылған ескертулер алдағы уақытта жол полициясы қызметкерлерінің жұмысын, жолда құқықтық тәртіптің жағдайын жақсарту үшін пайдаланылатын болады.

М.АЛПЫСБАЙ.

Комментарии закрыты.