Жүзден жүйрік

Жастардың денсаулығын нығайтып, белсенділігін арттыру мақсатында «Жастар» спорт сарайында ұйымдастырылған эстафеталық жарыста салауатты өмір салты насихатталды.

Бапкерлерге қоса спортшылар, ата-аналар белсене қатысқан шарада бес топ таныстыру, «Кім епті?», қапшық киіп секіру, скейдбордпен жүру, допты торға салу, арқан тарту секілді кезең бойынша сынға түсті. «Кім епті?» кезеңінде қатысушылар қасықпен допты алып келесі жаққа апарып, шелекке жинаудан бәсекелессе, қапшық киіп секіруде жылдамдық пен ептілігін танытты. Скейдбордқа мініп, кедергілерден өтіп, шарды қолдың көмегінсіз жару, секіртпемен секіріп, допты торға салу кезеңдері де эстафета қызығын арттыра түсті. Қатысушылардың көңіл-күйін арқан тартыс одан әрі көтере түскендей болды.

Нәтижесінде грек-рим бөлімі – бірінші, жеңіл атлетика бөлімі екінші орынды жеңіп алса, дзюдо бөлімі үшінші орынды еншіледі. Сонымен қатар, көзге түскен белсенділер арнайы номинацияға ие болды.

Мира ШАХАТ.
Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.