Фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Респуб­ликасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы №21 бұйрығымен фито­санитариялық қауіпіздік сала­сындағы «Карантинге жатқызылған өнiм­дi Қазақстан Республикасының аума­ғында тасу­ға карантиндік сертифи
кат беру, «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақ­стан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитоса­нитариялық сертификат беру» және «Ғылыми-зерт­теу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекітті. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.02.2019 жылғы № 46 бұйрығымен «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағын­да тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына және ҚР аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидалардың 3 және 4 параграфтарына толықтырулармен мен өзгерістер енгізілгендігін және ол талаптар 25.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізілгендігін жеткіземіз. Осы Стандартқа сәйкес, мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агро­өнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комите­тінің Сәтбаев қалалық аумақтық инспекциясында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрон­дық немесе қағаз түрінде беріледі.

Фитосанитариялық сер­ти­­фикатты алуға өтінім берілген күннен бастап бес жұмыс күнінен, ал карантиндік сертификат үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде рәсімделеді.Мем­­лекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша электрондық кезекті www.e.gov.kz, элек­трондық порталы арқылы «броньдауға» болады.

Жеке және заңды тұлғалар карантиндік серти­фикат немесе фитосанитариялық сертификат алу үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне немесе мемлекеттік корпо­рацияға мынандай құ­жаттар береді:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім.
2) Жеке басын куәландыратын құжат және көрсетілетін қызметті алушының өкілдігіне өкілет­тілігін куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) ұсынады.

Порталға жүгінген кезде:

1) осы мемлекеттік көр­сетілетін қызмет стандартына қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім.

2) жеке тұлғаның же­ке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді не дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті беуші және қызметті алушы «электрондық үк­імет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.mcх.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
А.Шайбекова,
«ҚР АШМ АӨК МИК Сәтбаев қалалық аумақтық испекциясы» ММ бас маманы, өсімдіктерді қорғау жөніндегі мем­­лекеттік инспекторы.

Комментарии закрыты.