Ашық есік күні

Өткен аптада Сәтбаев қалалық сотының төрағасы Ерлан Сексенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Шағымданушы М.Бола­баевтың бауыры үш жыл бұрын адам қолынан қайтыс болған. Облыстық соттың шешімімен айыпталушы жеті жыл мерзімге бас бостандығынан айрылған. Оған қоса екі миллион моральдық шығын өтеу жазасы кесілген. Бүгінгі күні қылмыскердің мерзімінен бұрын бостандыққа шыққандығын айтқан шағымданушы әлі күнге дейін кесілген соманы ала алмай жүргендігін жеткізді.
Аталған мәселе бойынша сот төрағасы қажетті құжаттарды тиісті орындарға жібертіп, істі соңына дейін қадағалауға уәде берді.

М.АЛПЫСБАЙ.

Комментарии закрыты.