«Бауырсақ» үш тілде сөйледі

Сәтбаев қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қалалық мекемелермен бірлескен жоспарына сәйкес №33 «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасында орыс халық ертегісі – «Бауырсақ» жаңа форматта сахналанды.

Іс-шара барысында бүлдіршіндер ертегінің мазмұнын үш тілде аша білді. Осы арқылы бүлдіршіндер тілдерінің үш тілде ауызекі сөйлеуді жақсы меңгергендіктерін байқатты.

Жаңа форматта өткен іс-шарада фастфуд тағамдардың адам ағзасына зиян екендігі айтылып, салауатты өмір салты насихатталды.

Іс-шара қонақтары балалардың өнеріне дән риза болды. Мадинат Игенберлина мен Тарас Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігінің төрағасы Оксана Жук іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.