Республикалық біріншілікке барады

Ұлу жылы да біздің спортшыларымыз үшін жеңіспен басталды. Қаңтар айының 9-10 күндері Қарағанды қаласында дзюдодан облыстық біріншілік өткізілді. Бұл додаға қаладағы мәденисауықтыру спорт орталығының спортшылары қатысып қайтты.

Ақпан айындағы республикалық біріншілікке іріктеу үшін өткен жарыста екі спортшымыз қала намысын қорғап жолдама иеленіп келді.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған іріктеу турына мықтылар ғана қатысқандықтан, жеңіске жету де оңай болмады. Дегенмен, №7 мектептің оқушысы Советов Мұрат III-орын, ал № 19 мектептің оқушысы Нұрлан Маржан I-орын алып қайтты. Қазір Мұрат пен Маржан республикалық сайысқа дайындалып жатыр.

Спортшылардың дүбірлі додаларға қатысып, Сәтбаевтың атағын шығаруға демеушілік жасап отырған қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.