Бүгінгі күн талабы

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңының басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу болып табылады.

Әлемнің көптеген елдері секілді, біздің мемлекетімізде де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстар жүргізіліп келеді. Осы мақсатта №7 «Алпамыс» бөбекжай балабақшасы іс-шаралар жоспары бойынша оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізуде. Атап айтқанда, ата-аналармен, педагогтармен әр түрлі семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер, практикум-кеңестер ұйымдастырылуда.

Балабақша ашықтығын қамтамасыз ету жолында сенім жәшігі орналастырылған. Балабақша басшысы А.Абенова сенім жәшігіне түскен шағымдар мен ұсыныстарды сараптап, тиісті шаралар қолданылуда. Сонымен қатар, жоспарға сай, ортаңғы топтардың тәрбиеленушілерімен әр түрлі сайыс-көрсетілімдер өткізілуде. Атап айтатын болсақ, сәуір айында балалардың патриоттық сезімдері мен мемлекетке деген құрметін қалыптастыру мақсатында «Адамгершілік, патриоттық тәрбие берудің ең үздік орталығы» және педагогтармен, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдыртпау шаралары» тақырыбындағы ақпараттық түсіндірме кездесулер болды.

Ш.Мусина,
№7 «Алпамыс» бөбекжай балабақшасының әдіскері.

Комментарии закрыты.