Cыбайластықпен күрес – ортақ міндет

2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Прези­дентінің жарлығымен 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді. Аталған стратегия мемлекеттің алдағы жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын орнатады және сыбайлас жемқорлықтың алғы шарттарын және оның тууына себепші жағдайларды жоюға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке мемлекеттік қызметкер ғана емес, сондай-ақ лауазымдық тұлғаларға пара бергені үшін жеке және заңды тұлғалар да тартылады. Сыбайластыққа қарсы күресті, қоғамның әр мүшесі жүргізуі тиіс. Себебі, сыбайлас жемқорлықтың белең алуы өмірдің экономикалық және әлеуметтік деңгейін төмендетеді, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделеріне шек қояды, адамдардың сенімін жоғалтады.
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сәтбаев қалалық аумақтық инспекциясы ветеринариялық заңнамалардың сақталуы бойынша іс-шараларды жүзеге асырады. Осыған байланысты инспекция 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жоспар құрды. Оның қамтитын іс-шараларының бірі ветеринария саласы бойынша инспекция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қылықтарға жол бермеу болып табылады.
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Сәтбаев қалалық аумақтық инспекциясы тарапынан мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңама нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлау үшін (871063)-3-30-80 «сенім телефоны» орнатылғанын еске саламыз. Мекен жайымыз: Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы- 111 үй, 405 бөлме.

У.Айтпаев,
«ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сәтбаев қалалық аумақтық инспекциясы» ММ басшысы.

Комментарии закрыты.