Тағылымы мол шара

Ұрпақ бойында алғашқы білім мен тәрбие дағдылары мектепке дейінгі ұйымда қалыптасады. Тәрбиешілерге баланың жан-жақты дамуына заманауи технологияларды таңдау міндеттері жүктеледі. Ал, осы міндетті жүзеге асыратын – шебер, жаңашыл тәрбиеші.

Заманның сұранысына сай тәрбиеші болу үшін үнемі жаңашылдыққа ұмтылып, кәсіби тұрғыда дамып отыру талабы тұр. Байқаулар, семинарлар, ашық сабақтар, шеберлік сыныптары – педагогты жаңа кәсіптік тәжірибе жинақтауға бағыттайтын іс-шаралар. Мұндай іс-шаралар №5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасында жиі өткізіліп тұрады.

Балабақшада педагогтардың шығармашылық қабілеттерін жандандыру және дамыту, кәсіби шеберлігін көтеру мақсатында «Мен тәрбиешімін. Мен іскермін» тақырыбында көңілді тапқырлар клубының сайысы өтті. Сайысқа тәрбиешілер мен мамандардан құралған «Бірлік», «Девчата», «Нұр» топтары қатысып, өзара сайысқа түсіп, тәрбиеші мамандығының қыр-сырын қамтыды.

Сайыс «Ал, қанеки, таны­сайық», «Көңілді кездесу – ТРИЗ технологиясы», «Педагогикалық ситуация», «Педагог – талант», «Менің болашақтағы орным» (үй тапсырмасы) атты бес кезеңнен тұрды.

Үш топ бес кезеңде де өздерінің білімдерімен, өнер­лерімен жиналғандардың көңі­лінен шыға білді, барлық шарттарда белсенділік көрсетіп, үлкен дайындықпен келгендерін көрсетті. Әдемі әзілдермен қаруланған тәрбиешілер топтық сахналық қойылымдар, көңілді тапсырмалар орындап келісті ойын өрнегін көрсете білді. Тәрбиешілердің қиялдарының ұшқырлығы, шығармашылығы, тақырыпқа сәйкестігі сараланды.
Сайыстың III орнын «Нұр» тобы, II орынды «Девчата» тобы, I орынды «Бірлік» тобы иеленіп, дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.
Бұл іс-шаралар тәрбиешінің интеллектуалдық, рухани, кәсіптік қасиеттерінің қалыптасуына игі ықпалын тигізеді.

Ж.Кунпеисова,
№5 «Нұрбөбек» бөбекжай балабақшасының әдіскері.

Комментарии закрыты.