Жарқын болашаққа бастар жол

2018 жылғы 5 қазандағы Жолдаудың уақыты тәуел­сіздік тарихындағы маңыз­­ды күнмен тұспа-тұс келді. Осыдан 21 жыл бұрын, яғни 1997 жылғы 10 қазанда Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев Қазақ­­стан халқына арнаған алғашқы Жолдауын жариялаған болатын.  Онда «Қазақстан-2030» стра­­тегиялық даму бағдарлама­сын жариялаған.

Содан бері Жолдау халықтың назарын аударатын құжатқа айналды. Әлеуметтік сауалнамалардың де­ректеріне сүйенсек, халық Жол­даумен жақсы таныс. Тұр­ғын­­дар онда айтылған бағыт­тарға үлкен үміт артады, құжат­та қойылған міндеттер орындалады деп күтеді. Президенттің әрбір Жолдауы барлық деңгейдегі менеджерлер жұмысының тиімділігі ба­ғаланатын елеулі практикалық ұстанымдарға негізделген.
Ха­­лықтың әл-ауқатының тұрақты өсуі, өмір сүру деңгейінің артуы – біздің басты мақсатымыз бен міндетіміз. Жыл сайын Президент өзі­нің жаңа Жолдауында өзекті мәселеге – өмір сапасын жақсар­туға баса назар аударды. Соңғы бес жылда біз мемле­кеттік бағдарламалар мен жү­зе­ге асқан көптеген идея­лар жи­­­нақ­тадық. Бұл өз кезе­гінде алға жыл­жуымызға, даму­дың жаңа дең­гейіне шығуға мүмкіндік береді.  Қазір қоғамның жетекші компоненттерін тереңдететін және анағұрлым маңызды өзге­рістер жасайтын уақыт.
Маңыз­ды мәселелердің бірі – қоғамның әлеуметтік құрылымының өзге­руі. Біз ұрпақ алмасуына куә бо­лып отырмыз. Елімізде 1990 жылдардың соңында, 2000 жылдың басында туған жастар үлкен өмірге араласа бастады. Олар­дың алған білімі еңбек на­ры­ғында бәсекелестікті арттырды.  1990 жылдары маман­дардың кету кезеңі болғаны бел­гілі. Мамандардың кәсіби негізі сақталғанымен, заманауи жа­ңа талаптар мен технологиялар ортаға шығып, соған сай кадрлық әлеует әлсіреді.  Қазіргі таңда білікті мамандар тапшы. Бір жағынан елімізде жастардың саны 2013 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде 4,3 миллион адамнан 3,9 млн адамға дейін азайған. Бірақ, алдағы уа­қытта халықтың саны өсіп, жас­тардың үлесі арта түседі. Сон­дықтан, жастарды дамытуға инвестиция салу қажет. Егер жас­тарды қажетті деңгейде қол­дай алсақ, онда жаңа буын күт­кен нәтиже көрсетіп, бәсекеге қабі­лет артып, отансүйгіштік сезімі оянып, артылған үмітті ақтайды.  Сондықтан, Н.Назарбаев Қазақ­станда 2019 жылды «Жас­тар жылы» деп жариялады. Бұл өте уақытылы және болашаққа бағытталған шешім болды.

Ж.Утепбаева,
Сәтбаев қаласы Әділет басқармасының бас маманы.

Комментарии закрыты.