Атқарылған істер мен жеткен жетістіктер

Сәтбаев қалалық соты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Күн тәртібінде қаралған «2011 жылдың 12 айында Сәтбаев қалалық сотымен атқарылған сот төрелігі» және «Сот жұмысындағы жетістіктер» туралы мәселелерге орай сот төрағасы Руслан Мұқатаев мәлімет берді.

2011 жылдың 12 айында Сәтбаев қалалық сотына 250 тұлғаға қатысты 229 қылмыстық іс түсіп , 295 тұлғаға қатысты 240 қылмыстық істің өндірісі аяқталған. Оның ішінде 153 тұлғаға қатысты 116 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылса, 122 тұлғаға қатысты 103 қылмыстық іс өндіріспен қысқартылған. Іздеу салуға байланысты 19 тұлғаға қатысты 19 іс прокурорға қайтарылды.

Өткен жылы барлығы 13 әйел (2010ж. – 23), 10 кәмелетке жасы толмаған тұлғалар сотталды (2010ж. – 12 жасөспірім). Заңда көрсетілген мерзімінен артық уақыт қаралған қылмыстық істер болған жоқ.

Салыстырмалы түрде 2010 жылдың 12 айы мен 2011 жылдың 12 айындағы күші жойылған және өзгертілген сот актілерінің сапасы 0,9 % пайызға жақсарған.

Жылдық қорытынды бойынша, әлеуметтік зерттеулер сот қызметінің жақсы деңгейде екендігін көрсетті.

Сәтбаев қалалық соты өткен жылы үлкен жеңістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, 2011 жылдың 1 жартыжылдығындағы Сәтбаев қалалық сотының төрағасы Р.Мұқатаев «Сот және баспасөз: ортақ мүдде үшін» атты байқаудың «Ең үздік сот қызметі жөніндегі бейнематериалы» аталымы бойынша облыстық соттардың арасында өткізілген сайыстың жеңімпазы атанып, Қарағанды облыстық сотының төрағасы Е.Серікбаевтың дипломын иеленді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай, Р.Мұқатаев Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің дамуы мен қалыптасуына және егемендігінің нығаюына қосқан елеулі үлесі үшін Қарағанды облыстық сотының төрағасы Е.Қ.Серікбаевтың Алғыс хатын алды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен ұзақ жылдардағы еңбегі үшін қалалық соттың кеңсе жетекшісі Г.Жанбосынова «Ерен еңбегі үшін» медалімен және қалалық соттың бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы С.Байтуғаева Қарағанды облыстық Кеңсесі басшысының дипломымен марапатталды.

Қарағанды облыстық сотының ғимаратында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне арналған сот жүйесі қызметкерлерінің арасында өткізілген көркемөнерпаздар байқауына Сәтбаев қалалық со тының атынан қатысқан бас маман Ә.Төрежанова облыс бойынша жүлделі III-ші орынды жеңіп алды.

Бір жылғы атқарылған істер мен жеткен жетістіктерді саралай келе, сот төрағасы Р.Мұқатаев журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, БАҚ өкілдеріне рахметін білдірді.

Марал ШАХАЕВА.

Комментарии закрыты.