Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама

«Жезқазған кенті әкім аппараты» ММ 2019 жылғы 11 маусымда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11:00-де www.gosreestr.kz мекен-жайы бойынша Интернет желісінде орналасқан мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында коммуналдық мүлікті сату жөніндегі тендерді өткізу туралы хабарлайды. Коммуналдық меншік нысанының сатылуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасымен (бұдан әрі — Қағида) сәйкес жасалады.
Нысаны тендер және ашық әдiсi бойынша сауда-саттыққа шығарылады:
1) Жезқазған кентіндегі әкімшілік ғимараты жалпы ауданы 302,5 ш.м.
Мекен-жайы: Қарағанды обл., Сәтбаев қ., Жезқазған кенті, Жамбыл көшесі, 26 А үй
Балансұстаушысы: «Жезқазған кенті әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі
Бастапқы бағасы: 682 500,0 теңге.
Тендерге қатысу үшін кепiлдiк жарнаның мөлшерi – 204 750,0 теңге
Қатысушымен міндетті түрде орындалуға жататын тендер шарттары:
1) Объектіні қабылдау-тапсыру актісі бойынша тапсырған сәттен бастап 50 (елу) күнтізбелік күн ішінде әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз ету;
2) Қолданыстағы заңна­маларға сәйкес объектінің бұзылуын қамтамасыз ету
3) Объектіні бұзуды аяқ­тағаннан кейін құрылыс қалдықтарын шығаруды, шұң­қырды жергілікті жердің табиғи рельефінің деңгейіне дейін топырақпен тығыздай отырып қайта жабуды қамтамасыз ету;
4) Қолданыстағы заңна­маларға сәйкес Объектіні бұзу туралы қорытындыны рәсімдеуді қамтамасыз ету;
5) Объектіні әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден шығаруды және жер учаскесін ақысыз негізде мемлекеттік меншікке қайтаруды қамтамасыз ету;
6) Объектіні әділет органдарында тіркеген сәттен бастап 2 (екі) ай ішінде 2-3 тармақтарда көрсетілген тендер шарттарын орындауды қамтамасыз ету.
Кепілдік жарна төлем қабылдаушы: «АҚПАРАТТЫҚ-ЕСЕПТЕУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ, БСН: 050540004455.Есептік шот (IBAN/ЖСК) «Қазақстан халық банкі» АҚ: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX; КНП: 171; Кбе: 16 мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына төленеді (кепілдік жарнаның көлеміне банктік қызметтерді төлеу кірмейді).
Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді.
Қатысушыларға кепiлдiк жарнаның кез келген санын енгiзуге жол беріледі, бұл ретте бір кепілдік жарна қатысушыға ол бойынша сауда-саттыққа қатысу үшін осы кепілдік жарнаны енгізген жекешелендіру объектісін сатып алу құқығын береді.
Сауда-саттықта жеңген және сатып алу-сату шартын жасасқан қатысушының кепiлдiк жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша тиесілі төлемдер есебіне жатқызылады.
Сатушы мынадай жағдайларда:
1) жеңiмпазға – ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда;
2) сатып алушыға – сатып алу-сату шарты бойынша мiндеттемелерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.
Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар қатысушы бірыңғай операторға өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.
Кепілдік жарналар сауда-саттыққа қатысушы, жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініште көрсететін деректемелерге қайтарылады.
Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.
Тендерге қатысу үшін мыналарды:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Тендерге қатысушылар:
1) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысының;
2) сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, сауда-саттық шартымен келісуді қамтитын өтінімді тіркейді
Тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:
1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың; заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжат­тың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың; мемлекетке тиесілі акцияларды сату кезінде – қатысушының акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар туралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (хабарламаның жариялану сәтінде) үзінді-көшірменің түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.
Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелерін ұсынады.
Тендердің жеңімпазы да сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге қоса берілген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариат куәландырған көшiрмелерін ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары са­лыс­тырылып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.
Тендерге қатысушылардың өтінімдері және оларға қоса берілетін электрондық (сканерленген) құжаттардың көшірмелері тізілімнің дерекқорында сақталады және сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақытқа дейін жүктеу және қарау үшін қолжетімсіз болады.
Тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.
Қатысушының осы Қағиданың 28 және 29-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тізілімнің дерекқорында бірың­ғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Егер тендерге тiркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн үшiншi және одан кейiнгi сауда-саттықты қоспағанда, тендер немесе жабық тендер өтпеген деп жарияланады.
Егер тендер өтпеген деп жарияланса, сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын тендердің өткізілмегені туралы актіге қол қояды.
Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыт келгенде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.
Тендерге өтінімдерді сатып алушы сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген объектіге қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында тізілімнің веб-порталында қарайды.
Жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы жеңiмпаз деп танылады. Егер тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын болса, онда осы қатысушылардың арасында қатысушылардың бас­қа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.
Тендер жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамаға қол қою үшін электрондық пошта арқылы сауда-саттық нәтижелері туралы хабардар етіледі.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні сатушы мен тендердің жеңімпазы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.
Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама тендердің нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендер нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.
Жеңімпаз сауда-саттық нәти­желері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.
Тендерді өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтында немесе «Жезқазған кенті әкім аппараты» ММ-де Жезқазған кенті, Жамбыл көшесі, 26 А үй, 3-каб. мекен-жайы бойынша, 8(71063) 7-75-48, 7-75-29 телефондары арқылы алуыңызға болады.

Комментарии закрыты.