Ережелерді сақтау –қауіпсіздік кепілі

Қазір ауа райы ыстық болып көрінгенмен, суға түсу мезгілі әлі басталмағаны анық. Өзен-көлдердегі судың әлі салқыңдығына байланысты шомылу адам өміріне қауіп туғызады. Сондықтан, шомылу мезгілі басталғанға дейін суға түсуге тыйым салынады.

Әсіресе ата-аналарға ескертетініміз! Сіздердің қауіпсіздік сабақтарыңыз балалардың өз өмірін қорғауына көмектеседі. Балаларды мұқият бақылаңыздар, оларды қараусыз қалдырмаңыздар! Су қоймаларында жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін келесі ережелерді балаларға үйретіңіздер және өздеріңіз де ұстаныңыздар! Ол, өмірлеріңізге төнер қауіпті сейілтеді.
Сонымен:
— бір-бірін батыруға;
— жармасуға, суда бір-бірін итеруге;
— үлкендердің рұқсатынсыз жүзуге;
— бейтаныс жерлерде суға түсуге, белгілерден әрі жүзіп баруға;
— өзен, көлді жүзіп өтуге;
— бір-біріне қарама қарсы сүңгуге;
— ішімдік ішіп немесе масаң күйде суға түсуге қатаң тыйым салынады!
Судағы төтенше жағдайларды болдырмау, ескерту және алдын алу мақсатында мектеп оқушыларына, мектепке дейінгі даярлық мекемелерінде жазғы шомылу мезгіліндегі судағы қауіпсіздік туралы тақырыпта профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Белгіленген жоспар бойынша білім беру мекемелерінде құтқарушылармен және төтенше жағдай бөлімінің мамандарымен «Қауіпсіз жаз» акциясы өткізілуде.
Акцияның негізгі мақсаты – апат бола қалған жағдайда асып-саспай құтқарушылар келгенге дейін алғашқы дәрігерлік көмек көрсете білу, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, суға батып жатқан адамға жақындау, суда алып жүзу және суға батып бара жатқан адамның құрсауынан шығу ережелерін түсіндіру.
Жоғарыда айтылған ережелерді сақтасаңыз жазғы шомылу демалысын қауіпсіз, қызықты әрі пайдалы өткізуге болады.
Е.Жәнібеков,
құтқару бөлімінің бас құтқарушысы.

Комментарии закрыты.