ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Мемлекеттік билік органдарының қызметін жетілдіру әрбір елдің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Ол мемлекеттің болашағына үлкен әсерін тигізеді.

Мемлекеттік басқару – әлеуметтік қызмет арқылы қалыптасқан қоғамдық қарым-қатынас. Тиімділік екі жақты басқарушы өкілеттік органдар мен мемлекеттік ережеге сай басқарылатын тұлғалар мен жергілікті мемлекеттік құрылымдарының ауызбіршілігінен туындайды. Мемлекеттік басқару қоғамның қандай да бір жекелеген саласына ғана қатысты бола алмайды. Ол әлеуметтік құрылымы тарапынан өзіне тигізетін ерекше мәнді ықпалын басынан өткізеді. Жоғары нәтижелі қызмет атқаратын қазіргі заманға сай мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызмет жұмысын қалыптастыру бүгінде алдыңғы қатарға шығып отырған негізгі мәселелердің бірі деп саналады. Көптеген мемлекеттер өз дамуының белгілі деңгейінде қоғам өміріндегі мемлекеттік және жеке институттардың рөлі туралы ойлана бастайды. Сонымен қатар, Қазақстандағы экономикалық, әлеуметтік және басқа да реформалардың орындалу барысы, қоғамның демократиялық жолмен дамуы, құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы, жалпы елдің тұрақтылығы мемлекетті басқару тетіктерінің жағдайы мен қызметшілердің кәсібилігіне, олардың еңбек нәтижелігі мен бастамашылдығына, ел таңдаған саяси бағыт бойынша қызмет атқаруына байланысты болады. Қазақстан басқа дамыған мемлекеттерден 50 жылға артта қалып отыр. Сол себепті, уақыт талабына сай болу үшін мемлекеттік басқару субъектілері басқарудың әдеттегі, дәстүрлі әдістерін қайта қарастырумен қатар, қызмет тиімділігін, нәтижелігін ұдайы көтеруі тиіс. Мемлекеттік қызметтің лайықты деңгейде қызмет етуінде мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі аса маңызды орын алады. Қызмет тиімділігі арттырылмаған жағдайда экономикалық жаңарулар, стратегиялық бағдарламалар жүзеге асырылмайды. Қазіргі таңда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілердің қызмет тиімділігін арттыру бойынша талдаулар мен зерттеулер саны ұлғаюда. Дүниежүзілік тарихта мемлекетті басқарудың мінсіз құрылымы ешбір елде қалыптаспаған. Қазақстанда алдағы кезеңде мемлекеттік органдардың тиімділігі мен еңбек нәтижелігін арттыру бағытында нақты жұмыстар атқарылып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 мамырдағы кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бес инстутиционалдық реформаларды жүзеге асыру үшін 100 нақты қадам жасады. 100 нақты қадам – жаһандық және отандық міндеттерге жауап ретінде және сонымен бірге 30 елдін қатарына кіріп, жаңа тарих құрудағы үлкен жоспар.
Мемлекеттік органдар қызметін нақты бағалайтын жүйе қажеттігі туындап, оның нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен 2010 жылғы 19 наурыздағы №954 Жарлығымен «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі» бекітілді. Қазақстанда жүйені әзірлеуге бірқатар алғы шарттар әсер етті:
– мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігін бағалау мен олар көрсететін мемлекеттік қызмет сапасы арасында өзара байланыс жоқтығы;
– көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын бағалау мен бақылау жүйесінің болмауы;
– мемлекеттік қызметшілердің қолданыстағы еңбекке ақы төлеу жүйесінің олар көрсететін қызмет сапасын ынталандыру деңгейінің төмендігі. Осыған орай, бағалау жүйесіне сәйкес, мемлекеттік қызметті реформалаудың негізгі мақсаты болып азаматтық қоғам дамуы мүддесін көздей отырып, мемлекеттілікті нығайту таңдалды. Мемлекеттік органдардың қызмет тиімділігін бағалайтын аталған жүйе орталық мемлекеттік органдар (министрліктер, комитеттер, агенттіктер және т.б.) мен жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жетілдіру мен жұмысының нәтижелігін арттыру мақсатында әзірленген құжат болып табылады. Жүйені әзірлеу барысында туындаған мақсаттар:
– мемлекеттік органдар қызметі тиімділігін бағалау кезінде отандық және шетелдік үздік тәжірибелерді қолдана отырып, неғұрлым дәл нысандарды, бағалау тәсілдері мен әдістерін таңдау;
– тиімділікті бағалауға қажетті институционалды және нормативті базаны құру арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жұмысының, қызметінің, еңбегінің тиімділігін бағалаудың жалпы кешенді жүйесін қалыптастыру.
Қазіргі кезеңдегі мемлекеттік органдарды жетілдірудің стратегиялық міндеттеріне келетін болсақ:
– бүгінгі таңда нарықтық бастама мемлекеттің белсенді де жедел араласуын қажет етеді;
– экономикалық және әлеуметтік салалардағы белсенді саясат мемлекеттің рөлін көтеруді білдіреді. Нәтижесінде – бұл қоғамның қажеттілігіне сәйкес, тиімді заңдар мен нормативті-құқықтық актілерді дайындау және орындау;
– мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру – Қазақстанның болашағын анықтайтын негізгі фактор. Яғни, бұл – маңызды стратегиялық міндет. Сондықтан, бүгін мемлекеттік қызметшілердің және мемлекеттік органның жалпы жұмысының тиімділігін арттыру керек және тиісінше, мемлекеттік ресурстарды ұтымды қолданған жөн;
– мемлекеттік аппараттың жалпы және оның жекелеген буындарының жұмысының тиімділігін арттыру алдыңғы қатарлы ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды ендіруге жағдай жасауы керек.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қарағанды облысы
бойынша Қазынашылық департаментінің Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасы.

Комментарии закрыты.