Маңызды һәм кешенді міндет

Рухани жаңғыру – адам баласының сана-сезімінің, ішкі әлемінің жаңаруы, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біз көздеген жұмыстарымыздың бәрі дер уақытында және барынша тиімді жүзеге асарына сенімдіміз. Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады.

Рухани жаңғыруды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды. Бәсекелестік қабілет – ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, XXI ғасырдың талаптарына дағдыланудың қамына кірісу сапалы табыстың кілті екенін атап айтты. Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.
Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, не болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтысты дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт XXI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды  XXI ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы. Қазіргі таңда заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Өмір сүру үшін өзгере білу керек.
Сол үшін, Елбасымыз бүкіл қазақ халқы ежелден армандаған мақсатты, яғни ұлттық жаңғыруды қолға алып отыр. Қазақстанның кезекті жаңғыруы – еліміздің кезекті ілгері басуы деп білеміз. Сондықтан, ел межесі алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына қосылу. Бұл Елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген асыл үндеу өсиеті, ұрпаққа меңзеген дара жолы, келешек ұрпақтың биік шындарды бағындыратына сенімділігі.

Ж.Утепбаева,
Сәтбаев қаласы Әділет басқармасының бас маманы.

Комментарии закрыты.