Азаматтық қоғам сыбайластыққа қарсы

Сыбайлас жемқорлық – ғасыр індеті. Ол – елдің құлдырауына апарар жол. Сондықтан да бұл мәселе өте өзекті.

«Сыбайлас-жемқорлық» деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, «corruptio» деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ «corrumpire» түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Олай айтудың себебі, адамның сана-сезіміне судай сіңген сыбайлас жемқорлық қазіргі кезде шешімін таппай отырған қоғамға қауіпті дерт болып отыр.
Осы мақсатта кеселдің алдын-алу, жолын кесу бойынша әр түрлі іс-шаралар өткізіліп тұрады. Мектебімізде оқушылар, мұғалімдер арасында видеороликтер көрсетіліп, жоспар бойынша сынып сағаттар желісі, сауалнама толтыру сияқты үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Алдағы уақытта да осындай іс-шаралар жалғасын табатынына сенімдіміз. Сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту қазіргі қоғамның басты міндеті.
Нуркиса Кулашева,
№9 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі.

Комментарии закрыты.