Правильно



Спортшыларымыз – Сыр елінде

Таяуда сәтбаевтық жас спортшылар Сыр елінде өткен республикалық турнирде үздік өнер байқатып келді. Мамыр айының 14-18 аралығында Қызылорда облысының Жосалы кентінде өткен бокс кешінде спорттық-сауықтыру кешенінің тәрбиеленушілері оқ бойы озып шығып, жүлдегер атанды.

«ҚР спортына сіңірген еңбегі үшін» Құрмет медалінің иегері Қуаныш Қаражановтың жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы биыл 9-ыншы рет жалауын көтерген республикалық турнирде сауықтыру кешені бокс үйірмесінде жаттығушылардың асығы алшысынан түсті. Жарыс қорытындысында бірқатар жерлесіміз әр түрлі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Бағы мен бабы қатар шапқан Дарын Нақыпбеков, Әлихан Бақыт, Айбек Сейтқазы алтыннан алқа тағынса, Ерасыл Кәрібай турнирдің екінші тұғырынан көрінді. Санжар Сабыржан, Бағдаулет Өндіріс, Нұрғиса Болат, Ерасыл Нарымбетов пен ағайынды Арнат, Ернат Күнтуғановтар үкілі үшінші орынды иеленді. Осылайша, кенді шаһар спортшылары қала намысын республика деңгейінде абыроймен қорғап келді.

Әли МҰҢАЙТПАС

Комментарии закрыты.